379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында «Құрметті азаматтар аллеясы» ашылды

  • 110
  • UPD: 14:39, 02.05.2019
Жамбыл облысында «Құрметті азаматтар аллеясы» ашылды

Жамбыл облысы Сарысу ауданында «Құрметті азаматтар аллеясы» ашылды. Жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр.

Заманауи нысанды кәсіпкер туып өскен ауылына жеке қаржысына салып берген. Аумағы 5 мың шаршы метр болатын демалыс орнында 500-ге тарта ағаш түптері отырғызылды. Ал қақ ортасында өңірге еңбегі сіңген азаматтарға арналған мемориалды тақта орнатылды. Келешекте айналасы абаттандырылып, алып кешенге айналдыру жоспарланып отыр. Саябақтың ашылуы шалғайдағы ауыл тұрғындарына мерекелік тарту болды.

Тәуіржан Смайылова, батыр ана:

- Елімізде кейінгі жастарға саябақ деген жақсы ғой. Балалар қайда барарын білмейді. Көңіліміз көтеріліп жасымыз бір жас қосқандай болып мына жерде қуанып, халқымыз бала-шағамыз, үлкен, кіші, кәрілердің бәрі күліп ойнап жүріп жатырмыз. 

Нұрхан Ақмағанбетов, Жаңаталап ауылдық округінің әкімі:

-  Жаңадан 107 метрлік ұңғыма құдық қазылды. Және  осы аллеяға электрмен қамтамасыз ету үшін 40 киловаттық жаңа трансформатор қойып берді. Аллеяның аумағына 1500 шаршы метрлік брусчатка төсемелері және 3700 шаршы метр көгал төселді.

Хабар 24 телеарнасы