379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы өрт: 8 бала ауруханада жатыр

  • 176
  • UPD: 13:51, 07.05.2019
Елордадағы өрт: 8 бала ауруханада жатыр

Елордада жатақханадан шыққан өрттен зардап шеккен 8 бала ауруханада жатыр.

Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті әлеуметтік көмекті ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Аслан Жангереев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жедел жәрдем көлігі оқиға орнына 4 минуттың ішінде жетті. 26 адам, оның ішінде 14 бала  ауруханаға жеткізілді. №1 қалалық балалар ауруханасына – 2, №2 қалалық балалар ауруханасына – 6, №1 қалалық ауруханасына 3 ересек адам жатқызылды. Яғни ауруханаға жеткізілгендердің ішінде 8 бала ауруханада жатыр. Олардың барлығына орта деңгейде ыс тию диагнозы қойылған. Жағдайлары қанағаттанарлық, тұрақты. Қалғандары ауруханаға жетекізілгеннен кейін тексеріліп, үйлеріне жіберілді. Өмірлеріне еш қауіп жоқ. Медициналық көмек толық көрсетіліп жатыр», – деді Аслан Жангереев. Оның атап өтуінше, өрт кезінде зардап шеккен 1 бала №1 қалалық балалар ауруханасында ем алуда. Зардап шеккендердің жасы 1 мен 18 жас аралығында.

Хабар 24 телеарнасы