389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда монополист ұйым тұрғындардан кешірім сұрады

  • 372
  • UPD: 23:19, 02.05.2019
Павлодарда монополист ұйым тұрғындардан кешірім сұрады

Ертіс өңірінің халқын электр энергиясымен қамтитын кәсіпорын тұтынушылардан кешірім сұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі, осыдан екі ай бұрын жаңа бағдарлама енгізіліп, техникалық ақаулар анықталған. Салдарынан электр энергиясының бағасы қате есептеліп, төлемдер бірнеше есеге қымбаттап кеткен. Осынан соң тұрғындар тарапынан 100-ден астам шағым түсіп, түсінбеушілік туындаған. Арнамыздан көрсетілген материалдан соң мамандар сыннан нәтиже шығарып, бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесіндегі олқылықтардың орнын толтырды. Ал шағым түсірген тұтынушылардың энергиялық шығындары қайта есептеліп, жөнге келтірілді.

Айта кетейік, бүгінгі күні монополист ұйым 131 мыңнан астам тұтынушыға қызмет көрсетеді.

Руслан Қалиев, бағдарламалық қамтамасыз ету маманы:

- Ескі бағдарлама 20 жыл бойы қолданыста болғандықтан, оны жаңарттық. Бастапқыда мәліметтер базасын көшіру үрдісінде ақауларға жол берілді. Салдарынан тұтынушылармен түсінбеушілік туды. Бүгінде технологиялық үрдістер дұрысталды.

Ирина Бегова, тұтынушы:

- Наурыз айының түбіртектеріндегі мәліметтермен келіспедім. Себебі, бір бөлмелі пәтер үшін келген төлем көлемі ұлғайған. Кейін осында келіп, шағым түсірдім. Өтінішім қарастырылды. Енді тариф бойынша төлеп отырамын.

Хабар 24 телеарнасы