378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында үшем дүниеге келді

  • 177
  • UPD: 23:17, 02.05.2019
Маңғыстау облысында үшем дүниеге келді

Маңғыстау облысында биыл алғаш рет Ана мен бала орталығында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңаөзен қаласының 35 жастағы тұрғыны Кәмшат Төребекова 2 қыз бен бір ұлға жарық сыйлады. Алдымен Назерке, арасына бірер минут салып Жанерке, соңында 2,5 келі салмақпен Әлихан туған. Осыған дейін екі ұл мен бір қызы бар Кәмшат Төребекова осылайша көп балалы ана атанды. Денсаулығына қауіп төнгендіктен дәрігерлер кесір тілігін жасап, босандырып алған. Қазір анасының да, балалардың да денсаулығы қалыпты, ақхалаттылардың жіті бақылауында. Былтыр аймақта тағы бір үшем туған болатын.

Кәмшат Төребекова, үшемнің анасы:

- УДЗ-ға барғанымызда 11 апта екі күн екенінде білдім. Жолдасым екеуміз босану туралы шешім қабылдадық. Жолдасым жағынан бар екен үшем. Жүктілігім жақсы болды, 35 апта 5 күн дегенде босанып алдым. Барлығына алғысым шексіз.

Хабар 24 телеарнасы