379.46 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда «Достық дастарханы» ұлттық тағамдар фестивалі өтті

  • 153
  • UPD: 13:49, 07.05.2019
Алматыда «Достық дастарханы» ұлттық тағамдар фестивалі өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен қолға алынған дәстүрлі іс-шараға әртүрлі этностардың тағамдары қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жеті шөптен пісірілген ұйғырдың чучпарасы, немістің клеці, гректің фетасы және басқа да дәмі тіл үйіретін тағамдар көпшілікке ұсынылды. Көрме кезінде аспаздар әр астың дайындалу әдісін үйретіп, шығу тарихымен таныстырды.  Фестивальдің мақсаты – қонақжайлылық дәстүрді сақтап, ынтымақтастықты арттыру. Жалпы, Алматы қаласында мыңнан астам мейрамхана, дәмхана бар.

Сания Бауединова, ұйғыр этномәдени бірлестігінің өкілі:

- Мұны жоңышқадан жасайды. Жеті түрлі шөптен жасайды. Ол наурыз айынан сәуірге дейін шығады. Аз уақытта жасау керек. Бұл қан тазалайды. Бұрынғы уақытта осылай шөппен емделген.

Людмила Набокова, «Жаңғыру» неміс этномәдени бірлестігінің төрайымы:

- Бұл картоп клеці деп аталады. Немістердің ұлттық тағамы. 12-13 ғасырдан бастап біздің ас мәзірімізге енген. Бұл бай-бағландардың емес, қарапайым халықтың тамағы болған. Осындай фестивальдер мәдениетті сақтап, достықты нығайтуға септігін тигізеді.

Хабар 24 телеарнасы