379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде еріктілер форумы өтеді

  • 196
  • UPD: 09:09, 03.05.2019
Ақтөбеде еріктілер форумы өтеді

Ақтөбеде жиырмадан астам еріктілер тобы бар, деп хабарлайды «Хабар 24»

Мыңға жуық жас өз еркімен қайырымдылық шараларына қатысады. Олар жалғызбасты қарияларға қамқор болып, мүмкіндігі шектеулі жандарға қарайласады. Қыздар үй шаруасына көмектессе, ер балалар қар күреп, бау-бақша күтімін міндетіне алған. Облыстық жастар ісі жөніндегі басқарма мамандарының айтуынша, еріктілер қатары көбейіп келеді. Полициямен бірге қоғамдық тәртіпті қадағалауға шығатын студенттер бар. Сондай-ақ бірінші топтағы мүгедек жандарды демеп жүретін бір топ жасақталған. Студент жастардың бірі қоларбаны итеруге көмек берсе, екіншісі зағип жанды жетектейді. Мысалы, мүмкіндігі шектеулі жандарды Ақтөбе заң институтында өткен шараға еріктілер алып келді. Айта кетейік, биыл Ақтөбеде еріктілер форумы өтеді. Ауқымды шараға дайындық басталып кетті.

Әлібек Елеусізов, қоғамдық бірлестік өкілі:

– Көмекшілеріміз, әрдайым қасымыздан табылатын ерікті топтар бар. Бір үйдің баласындай іс-шаралар ұйымдастырып, бірге өткіземіз.

Нұрлан Күнтуов, облыстық жастар ісі жөніндегі басқарманың жетекшісі:

– Жастар жылына байланыста Елбасы еріктілерге қосымша 30 пайыз шәкіртақы төлеу мәселесін көтерген болатын. Ерікті болу үшін ақша маңызды емес. Ерікті тегін қызмет көрсетуге дайын болу қажет.

Хабар 24 телеарнасы