379.46 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысындағы 10 ауыл көгілдір отынмен қамтылады

  • 144
Атырау облысындағы 10 ауыл көгілдір отынмен қамтылады

Осы айда Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы 10 елді мекен көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

365 шақырымды құрайтын газ құбыры желісі аяқталуға жақын. Ресеймен шекаралас орналасқан Азғыр өңірінің тұрғындары бұл жаңалықты ондаған жылдар бойы күткен болатын. Аймаққа іс-сапармен барған Мәжіліс депутаттары да газ тарту және оның жұмыс барысымен танысты. Сонымен қатар шекара маңындағы ауылдар бос қалмас үшін атқарылатын жобалар және әлеуметтік көмек, көп балалы, аз қамтылған отбасыларды қолдау және жалақыны көбейту шараларымен де көпшілікті таныстырды. Бұл аймақтағы 10 елді мекенде 8 мыңнан астам тұрғын бар.

Бақтықожа Ізмұхамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Үлкен жұмыс сәтті аяқталғалы жатыр. Егер кемшіліктер болмаса, мамыр айының аяғына дейін іске қосылуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы