378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде сайлаушылар саны 40 мың адамға артқан

  • 98
  • UPD: 11:17, 03.05.2019

Семейде сайлаушылар саны өткен саяси науқанға қарағанда едәуір өсіп, 40 мың адамға артқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай ақпаратты біздің тілшілерімізге аумақтық сайлау комиссиясынан хабарлады. Бұл қалаға басқа ауылдардан көшіп келушілердің көбеюіне байланысты болып отыр дейді мамандар. Сол себепті жаңадан тағы бір сайлау учаскесі құрылады. Барлығы шаһарда 149 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Заңға сәйкес олар сайлаудан бір ай бұрын нақты іске кіріседі. Ең бастысы, сайлауға құқығы бар азаматтар тізімін нақтылап, олардың дауыс беруіне жағдай жасау.

Зейнолла Тоқаев, қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

– Қаламызда 346 мың адам тіркелген. Соның ішінде сайлауға 200 мыңы қатысады. Оның ішінде алғаш рет 1086 жас дауыс бермек.

Ескерте кетейік, елімізде 9 маусымда өтетін саяси дода мен оған қатысуға бел буған үміткерлер туралы барлық жаңалықты сайтымыздан #президенттік сайлау 2019 хештегі арқылы таба аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы