378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Депутаттар Шымкенттегі «Құтты мекен» жобасының жұмысымен танысты

  • 76
  • UPD: 12:24, 03.05.2019

Парламент Мәжілісінің бір топ депутаттары Шымкентте «Құтты мекен» жобасының жүзеге асырылу барысын көзбен көрді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәжілісмендер әуелі «Сәуле» мөлтекауданындағы №76 мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты. Мұнда мектеп жанынан қосымша 300 орындық оқу ғимараты, спорт залы, шеберхана мен асхана ғимараттары бой көтеруде. Білім ошағы 25 мамырда пайдалануға берілмек. Халық қалаулылары кейін Бадам өзенінің үстінен салынып жатқан көпірдің құрылыс жұмыстарын бақылады. Бұл нысан – шаһардағы Қонаев гүлзарының жалғасы ретінде жүзеге асып жатқан 7 кезеңнен тұратын жоба. Қазір мұнда көпір салудың 3-кезеңі іске асырылуда. Қалған бөліктері бойынша қосымша жобалау жұмыстары жалғасуда. Биылғы жылдың соңында ел игілігіне беріледі деп жоспарланған көлік жолының құрылысына республикалық бюджеттен қаржы қарастырылу жөнінде ұсыныстар жолданған. Депутаттар қаражатты қарастыруға уәде етті.

Дархан Мыңбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Бұл көпірдің құрылысына жергілікті билік, яғни әкімшілік үлкен назар аударса екен. Үкіметке сұраныс жасауы тиіс. Біз депутаттар тарапынан ұсынысты қолдауға әзірміз.

Хабар 24 телеарнасы