379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдық студенттер 3D модельдеу бойынша оқытылуда

  • 175
Оралдық студенттер 3D модельдеу бойынша оқытылуда

Оралда жоғары аграрлық-техникалық колледждің студенттері 3D модельдеу бойынша оқытылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әзірге бұл – 10 сағаттық бағдарлама. Жаңа оқу жылынан бастап барлық мамандықтарға толыққанды пән ретінде енгізу жоспарланған. BIM-технологияның ерекшеліктерімен өңірде жұмыс сапарымен жүрген Парламент Мәжілісінің депутаттары танысты. Бағдарлама құрылыс саласын жаңғыртуға арналған. Өйткені 2020 жылы Қазақстан жаңа құрылыс нормасына көшеді. Үш өлшемді виртуалды үлгілерді жасау болашақта пайда болатын ғимараттарды жобалауда тапсырыс берушінің талаптарын орындауға және жіберілетін қателіктерді болдырмауға септігін тигізеді. Колледждің 12 мұғалімі Финляндияда оқып келген. Қазір олар алған білімдерімен бөлісуде.

Құдайберген Ержан, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

– Жастарды 3D модельдеу бойынша үйретіп жатқанымыздың өзі оларға келешекте дамуға мүмкіндік береді. Одан кейін өз мамандықтарын әрі қарай жетілдіруге толық мүмкіндік бар. Осы алып жатқан білімдерін жетілдіру керек. Нарықта сұранысқа ие болу тиіс.

Хабар 24 телеарнасы