379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да сайлау туралы ақпарат беретін call-орталық іске қосылды

  • 188
  • UPD: 15:01, 03.05.2019

Батыс Қазақстан облысында алдағы кезектен тыс президенттік сайлау туралы ақпарат беретін сall-орталық іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндағы операторлар жұмыс күндері таңғы сағат 9-дан кешкі 6-ға дейін сайлауға қатысты барлық сұрақтарға жауап береді. Ендігі жерде өңірдегі кез келген сайлаушы өзінің қай учаскеде дауыс беретіні туралы және басқа да ақпараттарды еш қиындықсыз ала алады. Бүгінде Орал қаласында 231 мың 500 сайлаушы тіркелген.

Максим Тілегенов, Орал қаласы әкімдігі аппаратының бөлімі басшысы

– Бүгінгі таңда 200-ден астам азамат хабарласып, сұрақтарын, өз жауаптарын алып жатыр. Сұрақтардың көбісі сайлау учаскесін білу туралы. Кейбір сайлаушыларымыз басқа жерде тіркелген.

Хабар 24 телеарнасы