389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте өрт-тактикалық жаттығуына 20 арнайы техника жұмылдырылды

  • 460
Шымкентте өрт-тактикалық жаттығуына 20 арнайы техника жұмылдырылды

Өткен жылы Шымкентте дала-орман өртінің 5 жағдайы тіркеліп, жалпы көлемі 12 гектар аумақ жанып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал биыл қала аумағында орман және дала өрттері тіркелмеген. Дегенмен сала мамандары тілсіз жаудың алдын алу мақсатында өрт тактикалық жаттығуын өткізді. Оған 20 арнайы техника бірлігі мен 50-ден астам өрт сөндіру құтқару қызметінің мамандары қатысты. Олар «Жасыл белдеу» орман қоры жерінде созылмалы дала өртін сөндіруге атсалысты. Мұнда қызыл жалын үш бағыт бойынша тарады. Жаттығуға қолдан ұйымдастырылған өрт дер кезінде ауыздықталмаса, орман шаруашылығына, тіпті жақын орналасқан елді мекендерге және егістікке қауіп төндіретін еді. Осылайша оқу-жаттығу барысында барлық күштер мен құралдардың жұмылдыру тәртібі пысықталады.

Нұрболат Дербісов, қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы:

– Өрт – тілсіз жау. Барлық жағынан дайын болуымыз керек. Осы шарадан кейін де тиісті жұмыстарды жасайтын боламыз. Қазір нақты тапсырмалар қойылды. Соны қадағалап отыратын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы