378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада арнайы медициналық көмекті 70-тен астам ардагер алады

  • 157
  • UPD: 17:57, 03.05.2019

Ұлы отан соғысы ардагерлерінің денсаулықтарына ерекше көңіл бөлінеді. Арнайы кешенді медициналық көмекті Нұр-Сұлтан қаласының 70-тен астам ардагері ала алады.

Бүгін Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпитальда болған Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қызметкерлермен кездесіп, емдеу мекемесінің құрал жабдықтарын жаңартуға қаржы бөлінетінін жеткізді. Министр сондай-ақ, ардагерлердің хәлін сұрап, ерлігімен тарихта қалған қарттарымыздың денсаулығы қашанда назарда болатынын айтты. Госпитальда қазіргі уақытта ардагер Айдархан Бәйкен ем алуда. Ұлы отан соғысы жылдары ол даңқты батыр Бауыржан Момышұлының жеке көмекшісі болған. Айта кетейік, бас қалада 80-нен аса майдан ардагерлері тұрады.

Динара Оразалина, ОС мүгедектеріне арналған ОКГ директорының міндетін атқарушы:

- Біздің госпиталь терапиялық және кардиологиялық бағытта жұмыс істейді. Сондықтан соматикалық аурулармен  ауыратын Ұлы отан соғысының ардагерлері ем қабылдай алады. Қарттардың денсаулығы үшін физиотерапияға қажет фиброгастроскоп жабдығын аламыз. Сонымен қатар госпитальге лифт қоюды жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы