389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында бизнеске жасалып жатқан әкімшілік кедергі азаймай тұр

  • 501
  • UPD: 21:17, 03.05.2019

Маңғыстау облысында бизнес өкілдеріне жасалып жатқан әкімшілік кедергілер азаяр емес.

Жыл басынан бері 30-дан астам кәсіпкер түрлі шағымдарымен мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаментке жүгінген. Тіпті іскер азаматтың бірі «әкімдіктегілер адымымызды аштырмады» деп, уәжін айтты.

Бұл Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен елді мекендегі өндірістік база. Ат шаптырым аумақты алып жатыр.

Қорған Төреқожа, тілші:

- Шамамен алты жарым гектар болатын жер кәсіпкердің жеке меншігінде. Іскер азамат 15 жылдан бері құрылыс материалдарын шығарумен айналысып келеді. Көріп тұрғандарыңыздай бос аумақ жетеді. Сондықтан Әсет Манов тек құрылыс материалдарын шығарып қана қоймай, бұл маңға әлеуметтік насын салуды да көздепті.

Бірақ Әсет Мановтың көздегені бірден орындалмаған. Себебі иелігіндегі жер әуелде өндірістік мақсатта пайдаланылады деп көрсетілген екен құжатта. Дегенмен, оны заңды тұрғыда өзгертуге болады. Бұл ретте кәсіпкер қағаздарын алып, әкімдікке талай рет барған. Бірақ, өтініші қанағаттандырылмапты. Атқарушы орган өкілдері іскер азаматтың меселін бірнеше рет қайтарған.

Әсет Манов, кәсіпкер:

- Мынау өндірістік база болғаннан кейін ертең бізге кедергі болады ғой содан бастап өзгертейін деп целевой мақсатын. Соны строительства эксплуатация коммерческого объекта деген мақсатта заявка бергенбіз өзгертейін деп. Оны электронды портал арқылы жібергенбіз. Осы жердегі жергілікті атқарушы органға түседі ол арыз. Сол арыз қаралып- қаралып бірнеше рет қайтарылған бізге орындалмай.

Өтініші ұзақ уақыт бойы орындалмаған соң, кәсіпкер Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаментке жүгінген. Түсірген шағымының негізінде...

Ершат Оңайбаев, ҚР МҚІСЖҚІҚА Маңғыстау облысы бойынша департаменті басқармасының бас маманы:

- Осы шағымның негізінде біздің дапертаментпен жоспардан тыс тексеру тағайындалды Мұнайлы ауданы әкімінің аппаратына қатысты. Тексеру барысында кәсіпкердің келтірген уәждері өз дәлелдерін тауып, нәтижесінде департамент атынан аудан әкімінің атына ұсыным хат жолданып, осы ұсынымды қарау негізінде жеке кәсіпкердің жер уческесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім беріліп, сәйкесінше жеке кәсіпкердің құқықтары толықтай қанағаттандырылды.

Бағына қарай. Әйтпесе жерді пайдаланудағы мақсатты қағаз жүзінде өзгерте алмай, кәсіпкер бір жыл жүрген. Әкімдік тарапынан кедергі болмағанда, бизнесті баяғыда-ақ бастап кетер едім,-дейді. 

Әсет Манов, кәсіпкер:

- Үкіметтің жағынан айтылып жатыр, бизнеске қолдау көрсету керек деп. Әлеуметтік нысандарға кәсіпкерлер көңіл бөлу керек деп. Біздің жағымыздан қолдау бар. Бірақ, жергілікті атқарушы органда отырған азаматтар кедергілер келтіріп жатыр.

Өтінімнің мерзімі өткен соң әкімдік өкілдері тәртіптік яки әкімшілік жауапқа тартылмаған. Ал құқығы қорғалған кейіпкеріміз енді мына жерге жатақхана, жылыжай, мектеп, балабақша салмақшы. Жалпы жыл басынан бері облыс бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаментке кәсіпкерлер тарапынан 35 шағым түскен. 33 азаматтың құқығы қорғалыпты. Өзге арыздар қаралып жатыр. 

Авторлары: Қорған Төреқожа, Саламат Бекбаев

Хабар 24 телеарнасы