389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодардың Сарыарқа шағын ауданында бой көтерген үйлердің сапасы сын көтермейді

  • 484
  • UPD: 21:22, 03.05.2019

Бұл туралы тұрғындардан көптеген  шағымдар түскен. Негізсіз емес. Баспаналарының төбесінен су сорғаласа, үйдің кіреберісінде сылақтары түсіп қалған.

Іргетасына жаңбыр суы жиналады. Шарасыз күйге түскен халық қала әкіміне бірнеше мәрте арыз жазған. Ал жергілікті биліктің бұл шағымға қатысты қандай айтары бар? 

- 29 числа отключили отопления и тут полилось.

-  Причина какая здесь?

- Ну, один из вариантов, что та квартира протекает. Сегодня вызвали сантехников.

 «Сарыарқа» ықшам ауданының құрылысы әлі жүріп жатыр. Мұндағы үйлердің барлығы жаңа. Бірақ коммуналдық мәселелер жетіп артылады. Қатарынан  бірнеше үйді су басқан.  Тұрғындар  олқылықтарды    құрылысшылардан көріп отыр.

Наталья Бредихина, «Сарыарқа»  ықшам ауданының тұрғыны:

- Абаттандыру жұмыстарының сапасыз жүргізілгенін өздеріңіз көріп тұрсыздар. Қоқыстарды  бүгін ғана шығара бастады. Жылумен қамтамасыз етуде де мәселелер туындаған болатын. Осындай жағдайлармен күресіп әбден шаршадық. Шағым айтып бармаған жеріміз жоқ. Ешкім әрекет жасамады.  Қала әкімі өзі келіпті. Бәлкім енді  қалпына келер.

Бұл жерге тұрғындар өткен жылдың күз айларында қоныстанды. Олар бұрын «Алюминстрой» ауданындағы ескі үйлерде тұрған. Қазір ескілері сүріліп, орнына жаңа көп қабатты үйлер салынып жатыр. Құрылысы аяқталған барлығына кепілдік шарттары бойынша  құрылыс компаниялары қызмет көрсетеді. Сондықтан  жергілікті билік ақауларды жоюды талап ете алады. 

Әнуар Күмпекеев, қала әкімі:

- Ескертулерді екі апта ішінде жоюды тапсырамын. Мамырдың 20-на дейін қайраң суларды жойып, үйдің алдындағы төсеніштерді қалпына келтіресіңдер. Бұл мәселеге қайтып  оралмайтын болайық. Екі аптадан соң атқарылған шаруалар туралы  маған баяндайсыңдар.

Қаланың тағы  бір бөлігінде белсенді топ үй  ауласын қаптаған көліктерден босатып әлек. Ретсіз қойылған жеңіл көліктер қолайсыздық тудырып отыр. Балаларымызға қауіп төндіріп тұр дейді олар. Тұрғын Асхат Мәтенов жуырда әлеуметтік желі арқылы қала әкіміне шағымданған. Енді міне шаһар басшысымен ауланы абаттандыру ісін бірге талқылауда.

- Вот здесь предлагаете развязать парковку, так вот этот разворот увеличить.

- Да, до березки,  получается этот разворот увеличить.

Асхат Матенов, үй тұрғыны:

- Жедел жәрдем көлігі өте алмайды. Жаман айтпай жақсы жоқ. Өрт қаупі туындап жатса біздің ауламызға кіріп шығу өте қиын.

Ағымдағы жылы Павлодарда жүз қоқыс контейнерін орнату көзделген. Сонымен қатар мектептер мен балабақшалардың айналасы абаттандырылады. Қала басшылығы мөлтек аудандарда жоспарланған жұмыстарды  бірінші болып өзі  бақылауға алатынын жеткізді.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Самат Оспанов, Алексей Омельницкий

Хабар 24 телеарнасы