389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жас патриоттар академиясының өкілдігі еліміздің әр аймағында ашылады

  • 868
  • UPD: 22:11, 03.05.2019

Бурабайдағы Жас патриоттар академиясының алдағы уақытта еліміздің әр аймағында өз өкілдіктері ашылады.

Бұл туралы бүгін Үшінші Республикалық патриоттар форумында айтылды. Жалпы аталған академия осыдан 3 жыл бұрын Бурабайдағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында құрылған болатын. Қазір оған ел бойынша 2 мыңға жуық бала мүше. Ал «Ұлы дала жастары рухани жаңғыру жолында» атты кезекті форумда батылдығымен көзге түскен тағы бірнеше бала академия құрамына қабылданды. Олардың барлығы оқуда озат, өнер мен спортта үздік, қоғам өміріне белсене атсалысып жүрген оқушылар. Академияның аймақтардағы мүшелері жергілікті жерде патриоттық іс-шаралардың өтуіне мұрындық болып келеді. Ал әр облыста патриоттар академиясының өкілдіктері ашылса, белсенді жастардың қатары көбеймек. Айта кетейік, енді аталған форум, келесі жылдан бастап Бурабайда емес, елордада өткізіледі.

Эльмира Суханбердиева, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

- Келесі жылы жаңа балаларға уәде бердім. Келесі жылы өзіміз Астана қаласында бүкіл өңірден жинап. Қазір осыдан барам да бүгін кешке осы филиалды білім басқармаларына тапсырма беріп, құрам деп ертең сіздерге уже айта алам.

Мирхат Жылқыбаев, форумға қатысушы /Павлодар/:

- Жалпы балаға бір жоба ашардың алдында мақсаттар ме міндеттерден бұрын арнайы құрал-жабдықтар жетіспей қалуы мүмкін. Сондықтан Қазақстанның әр өңірлерінде, әр нүктелерінде арнайы Қазақстан патриоттар академиясының өзінің нүктелері, яғни штабтары болса, әр академия мүшесіне үлкен бір көмек болар еді. Және де оларға тың идеяларды, жоспарларды жасауға мүмкіндік туар еді.

Хабар 24 телеарнасы