389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорданың ҚХА хатшылығында медиатор саны артады

  • 452
  • UPD: 22:48, 03.05.2019
Елорданың ҚХА хатшылығында медиатор саны артады

Елордалық Ассамблея хатшылығында медиаторлар саны артады. Бұл туралы қалалық Достық үйінде өткен жиында мәлім болды.

Бүгінде онда араздасқан ағайынды татуластырушы 13 маман жұмыс істейді. Олар әр түрлі этно-мәдени бірлестіктің жетекшілері болса да, ұлтаралық мәселелерді шешуге белсенді атсалысады. Айта кетейік, таяуда өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының 27-сессиясында этносаралық татулықты сақтаумен қатар жастарды ел өміріне етене араластыру тапсырмасы берілген болатын. Сондықтан қалалық ассамблея өскелең ұрпақпен жұмысты жүйелендіруге де баса көңіл бөліп отыр.

Ләззат Құсайынова, қалалық ҚХА хатшылығының меңгерушісі:

- Елбасы айтқандай, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы қоғамдық құрылымдар табысты жұмыс істеп келеді. Алайда оларды көпшілік сұранысына сай түрлендіру қажет. Жаңадан құрылған «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы осыған өзіндік үлес қосады деген үміттеміз. Солардың көмегімен қалалық ассамблея активін жаңартқымыз келеді. Жастардың бойында бізге қажетті креативті ойлар көп.

Хабар 24 телеарнасы