378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қоғамдық институт өкілдері: Ұрпақ тәрбиелеу процесінде бірлік пен достық ұдайы дәріптелуі шарт

  • 103
  • UPD: 15:26, 04.05.2019
Қоғамдық институт өкілдері: Ұрпақ тәрбиелеу процесінде бірлік пен достық ұдайы дәріптелуі шарт

Жарқын болашақты жұдырық болып жұмыла жасауымыз керек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кешегі тарихты сақтаушы, бүгінгі көшті бастаушы және ертеңгі өркениеттің сәулетшісіне баланған Елбасы басты күшіміз бірлікте екендігін ұдайы айтып келеді. Сондықтан баршамыз ырыс алды ынтымақ екенін қаперде сақтауымыз тиіс. Қазақстан халқы Ассамблеясының 27-ші сессиясына Қызылорда облысы атынан қатысқан делегаттар осындай пікірде. 13 ұлтық-мәдени орталық мүшелерінен құралған сырбойылық делегация қоғамдық институттың кезекті сессиясында айтылған мәселелерді өңірлік актив жиынында кеңінен талқылады. Басқосуда Жастар жылында өткізілетін шараларға көп мән берілді. Ұрпақ тәрбиелеу процесінде бірлік пен достық ұдайы дәріптелуі шарт. Ортақ мүдде жолында тізе қосып, бірлесе білген кейінгі толқын ғана ұлтын ұшпаққа шығарады. Келісім мен тұрақтылық кепілі болған ассамблеяның кезекті сессиясынан рухани серпіліс алған түрлі ұлт өкілдері Сыр өңірін одан әрі түлетуге және бейбітсүйгіш буын тәрбилеуге аянбай атсалыса бермек.

Галина Щербакова, «Славяне» мәдени орталығының жетекшісі:

- Ассамблея сессиясына әр барған сайын мол рухани күш жинап, санамыз серпіліп қалады. Сенікі-менікі демей, біз барлық мерекені бір шаңырақ астында тойлаймыз. Сондықтан да елде тұрақтылық, толеранттылық пен келісім салтанат құрып отыр. Тіпті сессия спикері болған Ресей өкілдерінің өзі «бейбітсүйгіш қоғам қалыптастыруда сіздерден үйренеріміз көп» деді. Ұлт көшбасшысы айтқан ұсыныстар мен тапсырмаларды орындауға елордадан келе салып кірісіп кеттік.

Хабар 24 телеарнасы