378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда ардагерлерге құрмет көрсетілді

  • 183
  • UPD: 15:25, 04.05.2019
Алматыда ардагерлерге құрмет көрсетілді

Жеңіс күні қарсаңында Алматыда Ұлы Отан соғысы, тыл және ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мерекелік шараны қалалық Достық үйінің ұжымы ұйымдастырды. Кездесуге «Арыстан» лицейінің жас ұландары арнайы шақырылыпты. Оларға қариялардың бүгінгі тыныс-тіршілігі жайында бейнебаян көрсетілді. Өнерпаздар соғыс жылдары шыққан әндерді орындап, ізгі тілектерін арнады. Ал лицей ұландары қарт майдангерлерге сыйлықтарын табыстады. Сондай-ақ ардагерлерге арналған дастархан жайылды.

Жаңбырбай Керімқұлов, ҰОС ардагері:

- Мынандай жақсы күндерге келдік. Бұл жеңістің жемісі. Жастар, сендерді Жеңіс күнімен құттықтай отырып, сендердің мойындарыңа үлкен міндет жүктейміз. Сендер қандай болсаңыздар, біздің Қазақстан сондай болады.

Хабар 24 телеарнасы