378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда «Жас ұлан-2019» әскери-патриоттық клубтар жиыны өтіп жатыр

  • 130
  • UPD: 15:25, 04.05.2019
Атырауда «Жас ұлан-2019» әскери-патриоттық клубтар жиыны өтіп жатыр

Атырауда «Жас ұлан-2019»» әскери-патриоттық клубтардың облыстық слеті басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл шараның өскелең ұрпақ тәрбиесі үшін маңызы зор. Оқушылар арасында әскери-патриоттық тәрбиелеу, саламатты өмір салтын насихаттау және өзін-өзі дамыту бойынша жүргізілетін жұмыстардың пайдасы мол. Жасақ мүшелері өз арасында ынтымақтастық пен достықты нығайтып, туған өлкесі, көрікті жерлері, салт-дәстүрімен де танысып, тарихи мұра ғылыми зерттеу жобасын да қорғайды. Сонымен қатар саптардың және әндердің көрінісі, атыс даярлығы, дене шынықтыру, әскери кросс, турникке тартылу, денені жерден көтеріп-түсіру және суда жүзу өнері бойынша сайысқа түсуде. Жалпы, бүгінгі таңда облыс бойынша 188 әскери-патриоттық клуб бар. Мектепішілік, қала-аудандық кезеңнен үздік шыққан командалар бүгін облыстық слетте бақ сынады.

Гауһар Айтқалиқызы, «Барыс» әскери-патриоттық клубының мүшесі:

- Ең бірінші мақсатымыз – тәрбиелілікті үйрену, бір нәрсеге көңіл қоя отырып сол нәрсені түзеу әрі таза жасау және осы жарыстар арқылы біз өзімізге шабыт алып отырамыз.

Айгүл Қапсалықова, алғашқы әскери даярлық пәнінің оқытушысы:

- Біздің алдымызға қойып отырған мақсатымыз осы мектеп жасынан бастап-ақ біздің балаларымыздың бойынша отансүйгіштік қасиеттерді, соның ішінде оларға әскери-патриоттық тұрғыда тәрбие беру. Болашақ өз елін, өз жерін әлемдік деңгейде танытатын ұрпақ тәрбиелеу басты біздің міндетіміз болып отыр.

Хабар 24 телеарнасы