379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында балық шаруашылығы жанданып келеді

  • 161
  • UPD: 15:23, 04.05.2019
Түркістан облысында балық шаруашылығы жанданып келеді

Түркістан облысының Келес ауданында жылына 5-тен 10 млн данаға дейін балық өсіретін шаруашылық жұмыс істейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаруа қожалығының меншігінде 70 гектар жер бар. Оның 10 гектарын бау-бақша, 20 гектарын көл алып жатыр. Қалған 30-40 гектар жер тоғай күйінде сақталған. Қожалық иесі бұл жерді демалыс орнына айналдыру үшін шетелден арнайы аң-құс пен балық сатып алған. Қазір соларды өсіріп, көбейтіп жатқанын айтады. Меншік иесінің бұл жоспарды жүзеге асырып келе жатқанына 2 жылдай уақыт болыпты. 20 гектар аумақты алып жатқан көл жеті бөлікке бөлінген. Онда Венгриядан сатып алынған 160 мың балық жіберіліпті. Оның 50 мыңы сазан, 40 мыңы амур ақмарқасы, 20 мыңы дөңмаңдай, 50 мыңы тұқы балықтары.

Айта кетейік, қазір онда 20 адам жұмыс істейді. Кәсіпкер жалпы осы жобаға бүгінге дейін 150 млн теңгеге жуық қаржы жұмсаған.

Нұрлан Жүзбаев, балық шаруашылығының басшысы:

- Болашақта бұл жер адамдар демалатын, балық аулайтын орынға айналады. Балық шағаратын цех ашсақ деп отырмыз. 5-тен 10 млн-ға дейін балықтың кішкене түрлерін шығарып бере аламыз.

Хабар 24 телеарнасы