379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда 314-атқыштар дивизиясына ескерткіш ашылады

  • 131
  • UPD: 13:48, 07.05.2019
Петропавлда 314-атқыштар дивизиясына ескерткіш ашылады

Петропавлдық ардагерлер Ресейге атақты 314-атқыштар дивизиясының құрметіне Қазақстанның бір капсула жерін апарады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жеңіс күні қарсаңында Ленинград облысы Кингисепп қаласында жерлес жауынгерлерге арналған ескерткіш ашылады. Мамардың 6-сы бұл шаһардың сұрапыл соғыста неміс әскерінен азат етілгеніне 75 жыл толады. Осыған байланысты онда салтанатты шара өтеді деп жоспарланып отыр. Оған облыстық ішкі істер органдарынан екі ардагер аттанады.

Евгений Райтенбах, ішкі істер органдарының ардагері:

- 314-атқыштар дивизиясы Кингисепп қаласын, жалпы Ленинград облысын жаудан азат ету жолында өлшеусіз үлес қосты. Сондықтан жерлес жауынгерлердің ерлігі мәңгілік ел есінде. Біз оны мақтанышпен айтамыз.

Хабар 24 телеарнасы