389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тараздық ұстаздар тәжірибе алмасты

  • 545
  • UPD: 13:47, 07.05.2019
Тараздық ұстаздар тәжірибе алмасты

Еліміздің 7014 білім ордаларының 765-інде Назарбаев зияткерлік мектебінің бағдарламасы бойынша сабақ беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тараз қаласында 300-ден астам педагогика саласының қызметкерлері бас қосып, жетекші мектептің білім беру мазмұны бойынша ой бөлісті. Сондай-ақ 4 диалогтық алаң құрылып, «Мектепішілік әдістемелік активтің жұмысын ұйымдастыру», «критериалды бағалау жүйесі» бойынша жұмыс істеді. 

Айта кетейік, Жамбыл облысында 40 білім мекемесінде зияткерлік мектеп тәжірибесі енгізілген. Ал жаңа оқу жылынан бастап аталған жүйеге мектептердің 50 проценті көшеді деп жоспарланып отыр.

Шолпан Қаринова, НЗМ ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары:

- Мектепті басқару жұмысы жаңартылған мазмұнды енгізу жағдайында мектептерді басқару жұмысына да өзгешеліктер қажет. Осы бойынша қандай бүгінгі күні елімізде озық тәжірибе бар, соны Жамбыл облысына көрсетіп, тәжірибе бөлісу.

Хабар 24 телеарнасы