379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында Жеңіс күні мерекесін 72 ардагер қарсы алады

  • 133
  • UPD: 19:10, 04.05.2019
Павлодар облысында Жеңіс күні мерекесін 72 ардагер қарсы алады

Ертіс өңірінде Ұлы Жеңістің жетпіс төртінші көктемін 72 майдангер қарсы алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл жергілікті билік Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 500 мың теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетпек. Мереке қарсаңында облыс әкімі Болат Бақауов ардагерлерді үйлеріне арнайы барып құттықтауда. Геннадий Малыгин үшін жеңіс туы Таяу Шығыста желбіреді. Ол 1944 жылы небәрі 17 жасында Тереңкөл ауданынан қан майданға аттанған. Жапон басқыншыларымен шайқасып, кейін Солтүстік Кореяда әскери қызметте болған. Зенит атқыштар бөлімшесінің командирі соғыста ешқандай жарақат алмапты. Туған жеріне 1947 жылы лейтенант болып оралған жауынгер Жеңіс күнін подполковник шенімен қарсы алады. Геннадий Малыгин – үш немере, 10 шөбере сүйген бақытты қария. Биыл 92 жасқа толған ардагер 9 мамырды отбасының ортасында атап өтеді.

Геннадий Малыгин, Ұлы отан соғысының ардагері:

– 1945 жылы АҚШ-тың «Дуглас» ұшағына отырғызып Солтүстік Кореяға, Пхеньянға түсірді. Осылайша 1947 жылға дейін біз сол елді күзеттік.

Хабар 24 телеарнасы