389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да жедел жәрдем көліктері жетіспейді

  • 364
  • UPD: 19:10, 04.05.2019
СҚО-да жедел жәрдем көліктері жетіспейді

Солтүстік Қазақстан облысында жедел жәрдем көліктері жетіспейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кейбір аудандарда 1 ғана көліктен бар. Өңірге жұмыс сапарымен барған Парламент Мәжілісінің депутаттары денсаулық сақтау саласымен танысып, осы мәселеге көңіл аударды. Халық қалаулылары Петропавлдағы офтальмологиялық диагностикалық орталығында болып, дәрігерлермен кездесті. Бұл – мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі аясында салынған заманауи нысан. Оның құрылысына 550 млн теңгеден астам инвестиция құйылды. Мұнда көзге күрделі операциялар жасалып, медициналық қызметтер көрсетіледі.

Кәрібай Мұсырман, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Өңірлердің арасындағы айырмашылықтар ескеріле бермейді. Мысалы Түркістан облысында аудан орталығында халық санының көптігіне байланысты 9 жедел жәрдем көлігі бар. Солтүстік өіңірлердің халқының сиректігі ескерілмеген. Бұл мәселелерді министрліктің деңгейінде көтереміз.

Хабар 24 телеарнасы