378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғалым Ғ.Мамытбековтың ісіне қатысты сот процесі жалғасады

  • 118
  • UPD: 21:19, 04.05.2019

Белгілі қазақстандық ғалым Ғалымжан Мамытбековтың ісіне қатысты сот процесі әрі қарай жалғасатын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы қалалық сотында бүгін тағы бір тыңдалым болды. Естеріңізге сала кетейік, уран өндіру бойынша бірегей ғылыми жобалардың авторы Ғалымжан Мамытбековке 2014 жылы Қылмыстық кодекстің 176-бабы, 4-бөлімі бойынша, яғни «Мемлекет мүлкін ұрлады» деген айып тағылған болатын. Сол жылдары белгілі ұлттық компанияда жұмыс істеген ғалымға 83 млн теңгені ғылыми-зерттеу жұмыстарына негізсіз жұмсады деген жаба жабылады. Алайда бірінші сот отырысында 38 деректің 17-сі расталмаған. Ал екінші сот отырысында Мамытбековты 8 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеу туралы үкім шыққан еді. Сөйтіп ғалымның кінәсі толық дәлелденбегенімен, ол үш жылға жуық уақыт абақтыға қамалды. Бұл істі Мамытбековтың адвокаттары аяқсыз қалдырмай, Жоғарғы сотта ғалымның кінәсіз екенін дәлелдейтін деректер келтіріп, оның абақтыдан шығуына қол жеткізді. «Енді оны түгелімен ақтап шығуға бел буып отырмыз», – дейді, адвокаты Төленді Бексұлтанов. Ғалымның ісіне қатысты келесі сот процесі 16 мамыр күні өтетін болды.

Төленді Бексұлтанов, адвокат:

– Өзім қорғап жатқан Мамытбековты түгел ақтауды сұрадым. 16 мамырда сағат төртте Мамытбеков соңғы сөзін айтады, одан кейін үкім шығады.

Хабар 24 телеарнасы