379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда ауыл шаруашылығы ардагерлер кеңесінің отырысы өтті

  • 171
Нұр-Сұлтанда ауыл шаруашылығы ардагерлер кеңесінің отырысы өтті

Елордада Қазақстан ауыл шаруашылығы ардагерлер кеңесінің жиыны өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда кеңестің соңғы үш жылда атқарған жұмыстары қорытындыланды. Жиын барысында жеті өңірмен видеобайланыс орнатылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, кеңестің басты міндеттерінің бірі – қоғамдағы қарттардың рөлін арттыру және ауыл шаруашылығы ардагерлерінің тәжірибесімен бөлісу. Бірлестікке қазір республика бойынша 500-ге жуық адам кіреді. Олардың қатарында халық қаһармандары, Еңбек ерлері мен бұрынғы министрлер бар.

Жаңбыршы Қалиев, «Ауыл шаруашылығы ардагерлері кеңесі» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары:

– Ардагерлер деген кім? Олардың еңбегі неде? Олардың міндеті қандай? Осыны түсіндіру – мақсатымыз. Біз жоспарланатын жұмыстарға араласып, өз тәжірибемізбен бөлісіп отырамыз. Осы салада жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жаңа басшы белгіленді. Бағдарлама дайындалды.

Хабар 24 телеарнасы