378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы көп балалы отбасылардың үштен бірі аз қамтылған

  • 129
  • UPD: 21:28, 04.05.2019

Үкіметтік емес ұйым өкілдері мен сарапшылар елорданың көп балалы аналарымен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала әкімі мен министрлер жиылған қауымға Тұңғыш Президенттің тапсырмасымен елімізде жүзеге асырылып жатқан жаңа әлеуметтік саясат жайында сөз қозғады. Басты міндет – азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартып, әл-ауқатын арттыру. Елорда әкімдігінде көп балалы аналарды әлеуметтік қолдауға бағытталған 13 кешенді жоба әзірленіп, іске асырыла бастаған. Жобаға бюджеттен 5,6 млрд теңге қарастырылған. Сондай-ақ көп балалы отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндері бар, ал баспанасы жоқ отбасыларға сертификаттар беру мүмкіндігі де назарда. Қазіргі уақытта, бюджеттік қызметкерлерге тұрғын үй сертификаттары беріліп жатыр. Өткен айда 143 отбасы бір миллион теңгеден алған. Айта кетейік, бүгінде елордада 10 мыңнан астам көп балалы отбасы тұрады. Олардың үштен бірі аз қамтылған.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

– Мүмкіндігінше аз қамтылған отбасыларға мемлекет тарапынан берілетін көмекті көбейту керек. Республика бойынша қабылданған арызымыз – 197 000. Біздің жобамыз бойынша ол кем дегенде 930 мың қазақстандықты қамтиды. Оның ішінде 600 мыңнан астамы – балалар, қалғаны ата-ана. Оның ішінде 3 мыңнан астамы – елорда тұрғындары. Біз 155000 отбасыға шешім шығардық.

Хабар 24 телеарнасы