389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжіліс депутаттары ШҚО жұртшылығымен кездесті

  • 419
  • UPD: 07:11, 05.05.2019
Мәжіліс депутаттары ШҚО жұртшылығымен кездесті

Ал Мәжіліс депутаттары Бақытжан Ертаев, Әлия Сапарова, Жанат Омарбекова бастаған топ Шығыс Қазақстан облысына барды.

Олар аймақ жұртшылығымен кездесіп, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысымен танысты. Семей, Курчатов, Риддер қалалары мен  Шемонайха ауданын аралап, ондағы Уба шипажайының тыныс-тіршілігін көрді. Депутаттар жұмыспен қамту орталықтарының халыққа жүйелі қызмет көрсетіп жатқандығын атап өтті.

Жанат Омарбекова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Халық өзінің аймақтарында үлкен жұмыстар атқарып жатыр. Бизнес бастап, несие алып, малдарын өсіріп дегендей, біздің Қазақстан экономикасын дамытуға өз үлестерін қосамыз деп еңбектеніп жатыр. Ол қуантатын жағдай.

Хабар 24 телеарнасы