389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжіліс депутаттары Жамбыл облысындағы өндіріс орнына барды

  • 318
Мәжіліс депутаттары Жамбыл облысындағы өндіріс орнына барды

Жамбыл облысындағы құрылыс материалдарын шығаратын өндіріс орындары бәсекеге қабілетті.

Оған озық технологияның арқасында қол жетіп отыр. Өңірге жұмыс сапарымен барған бір топ Мәжіліс депутаттары осындай пікір білдірді. Қазір аймақта құрылыс саласында 85 процент отандық өнім қолданылып жатыр. Жалпы облыста құрылыс материалдарын шығаратын 20-ға жуық ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Депутаттар  солардың бірқатарын аралады. Алдымен көпқабатты тұрғын үй салуға арналған бетон материалдарын шығаратын зауытта болды. Олар панельдерді дайындау технологиясымен танысты.  Одан кейін гипс зауытына барды. Жоба шетелден келетін импорт көлемін азайтып, ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етуге бағытталған.

Бекболат Тілеухан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Ең басты нәрсе сапаға назар аударылу керек. Сапа болмаған жерде ешқашан бәсекеге қабілетті болмайды да. Ол тауардың өтпеуі де, дамымауы да өзінен өзі түсінікті нәрсе. Майталман кәсіпкерлермен бірге отырып жасаған жоба қазір 500 адамға жұмыс орнын ашып отырғандығы, ол өнімдердің экспортқа Ресей мен Қытайға шығып жатуы деген нәрсе өте қуантарлық жағдай.

Хабар 24 телеарнасы