379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда әскери-патриоттық әндер байқауы өтті

  • 189
  • UPD: 09:22, 05.05.2019
Қостанайда әскери-патриоттық әндер байқауы өтті

Біз Жеңістің ізбасарымыз!. Осындай атаумен Қостанайда әскери-патриоттық әндер байқауы өтті.

Өнер додасына орта және жоғары оқу орындарының студенттері, әскери клуб курсанттарынан құралған 13 команда қатысты. Іс-шараның мақсаты – жастарға рухани тәрбие беріп, отансүйгіштікке баулу. Қазылар алқасы мүшесін құраған тыл ардагерлері, орындаушылардың сахналық киімдерін, ән шырқаудағы дауыс ырғағын   бағалады. «Олимп» әскери-патриоттық клубының сарбазы, республикалық «Бала дауысы» байқауының былтырғы жеңімпазы Исатай Болатхан өзінің қоңыр дауысымен көпшіліктің қошеметіне бөленді. Ол «Қазақстан сарбазы» әнімен үздіктер қатарынан көрінді.

Исатай Болатхан, ӘПК сарбазы, «Бала дауысы-2018» республикалық байқауының жеңімпазы:

- Айырмашылығы жер мен көктей. Өйткені әскери әндер патриоттық әндер. Ал махаббат туралы мүлдем басқа әндер. Клубта әскери қорғану іс-қимылдарын үйренеміз, денемізді шынықтырамыз, жарыстарға барамыз, қару-жарақтардың атын үйренеміз.

Бауыржан Шораев, 6697 әскери бөлімі командирінің орынбасары:

- Сарбаздарымызды тәрбиелегенде ең бірінші ән сарбаздардың көңілін, психологиялық жағдайын жоғары деңгейге  көтереді. Сондықтан бізде әскери бөлімде әрдайым конкурстар өткізіледі.

Хабар 24 телеарнасы