379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада қырағылығымен дараланған полицейлер марапатталды

  • 151
  • UPD: 12:23, 05.05.2019

Полиция тек тәртіп сақшысы ғана емес халықтың қорғаны әрі қалқаны болуы тиіс. Құқық қорғаушылар жазалаушы емес, қылмыстың алдын алушы органға айналуы шарт. «

Отан қорғаушы күні» мен «Ұлы Жеңіс» мерекелеріне арналған шарада сала ардагерлері жас полицейлерді аталған қағидаларды берік ұстануға шақырды. Мемлекеттік рәміздер алаңында өткен салтанатты жиында Ішкі істер министрінің құттықтауы оқылды. Шара барысында қырағылығымен дараланған 8 қызметкер «Құрмет» грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше көзге түскен қызылордалық 128 сақшыға алғыс жарияланды. Сонымен қатар дәстүрге сай мереке қарсаңында 20 жас маман ант беріп, құқық қорғау органдарының қатарына алынды.

Дәулет Сейітов, ОПД Басқарма басшысының орынбасары:

- Ант қабылдап жатқан жас қызметкерлерге айтатыным адал, таза жұмыс істесе. Полиция қызметкері абыройлы, сыйлы, жұмысына адал, нық, басшылардан түскен тапсырманы бұлжытпай орындап, халықпен тығыз қатынаста жұмыс істеу керек. Халық полицияға жақсы сенімді көзқараспен қарау керек. Сол сенімнен шығу білу қажет полиция.

Хабар 24 телеарнасы