378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте Елбасының бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру барысы талқыланды 

  • 183
  • UPD: 15:01, 05.05.2019
Шымкентте Елбасының бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру барысы талқыланды 

Бұл үшін арнайы жол картасы әзірленіп бекітілген. Қоғамдық кеңесте сөз алған жауапты тұлғалар әсіресе әлеуметтік бастаманың бір тармағы  «7-20-25» бағдарламасының мегаполисте қарқынды жүзеге асып жатқандығын айтты.

Тұрғындардан 450 өтініш қабылданып, соның 239-ы мақұлданған. Бұған бағдарламаға серіктес банктерден  2 миллиард 600 млн теңге несие берілген. Жыл соңына дейін бірнеше пәтер қолданысқа беріледі дейді қатысушылар. Сондай-ақ студент жатақханалары да сөз болды. Қазір қаладағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарына 8050 студентке орын жетпейді.  Айта кетейік, Шымкенттегі 10 жоғарғы оқу орны мен 29 колледжде 106 636 студент білім алады. Көп ұзамай әкімдік тарапынан «Тұран» шағын ауданынан 8 га жер учаскесі белгіленіп, онда 5 мың орындық жатақхана ғимараты бой көтеретін болады. 

Қасымбек Маликов, «Баспана»ИҰ» АҚ өңіраралық директоры: 

- Шымкент қаласы бойынша 450 азамат өтінім беріп, 4,5 миллиардқа 240 өтінім бүгінгі таңда қабылданды. Толыққанды қанағаттандырылды. 2,6 миллиард теңгеге. Қалған өтінімдер қарастырылып жатыр. Тұрғын үй басқармасы «Нұрлы жер» бағдарламамен салынған 5 көп қабатты 246 пәтерлі үйді ұсынды. «7-20-25» бағдарламасы бойынша оған бір күнде 500 ден аса өтінім берілді. Сол өтінімдер де қарастырылып жатыр. Тағы жылдың аяғына дейін, «Нұрлы жер» бойынша салынған 11үй бар. Сол беріледі.

Хабар 24 телеарнасы