379.46 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да атаулы әлеуметтік көмекке 5300 отбасы қол жеткізді

  • 141
  • UPD: 19:49, 05.05.2019

Шығыс Қазақстан облысында атаулы әлеуметтік көмек алуға байланысты 6,5 мыңнан астам өтініш мақұлданды.

Соның ішінде әзірге 5300 отбасы аталған көмекке қол жеткізген.

Көрсеткіш өсуі ықтимал, өйткені тұрғындар тарапынан әлі де өтініштер түсіп жатыр. Тағы бір айта кетерлігі, өңірде көп балалы және аз қамтылған отбасылардың шағын шаруашылықтарын дамытуына да көмек беру жайы қарастырылады.

12 бала тәрбиелеп отырған Евгения Черкашина кішкене ғана шаруашылығынан көп-көрім пайда көріп отыр. Осыған дейін тауық өсіріп келген еңбеккқор жанұяға жақында мемлекет тарапынан біршама қолдау көрсетілді. Соның арқасында олар 12 бас торай алып, нәпақсын молайтты.

Евгения Черкашина, көп балалы ана:

- Осылай кішкене шаруашылықты дөңгелетіп, табыс көзін молайтуға  демеу көрсетілсе, мал өсіруге жағдай жасалса, мемлекетке мойын артып, орынсыз көмек күтетін адамдар да азаяр еді деп ойлаймын. 

Енді мемлекеттік орган өкілдері өздері келіп Черкашиндерден арнайы өтініш қабылдады. Осылайша отбасындағы әр балаға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Дәл осындай көмекке үміткерлер саны облыс аудандарында әлі де жетерлік. Мәселен, Ұлан ауданынның тұрғыны Гауһар Тоқтағанова жұмыспен қамту орталығына келіп атаулы көмек алуға өтініш білдірді. Өйткені 6 баланы қарап отырған анаға кез келген қолдаудың маңызы зор.

Жалпы, бұл ауданда бүгінгі күні 950 көп балалы отбасы тіркелген екен.

Нұржан Әбдікәрімов, Ұлан ауданы әкімінің орынбасары:

- Бүгінде 126 адам өтініш берді. Олардың 75-і аталған көмекке қол жеткізді. 3 өтініш мақұлданбады. Ал қалғандары әзірге өңделу үстінде.

Ауылдықтарға атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың өз есеп-қисабы бар. Өйткені өтініш бергендердің мал-жаны, бау-бақшасы болса, соның барлығы ескеріледі.

Райхан Барлықова, ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бөлім басшысы:

- Оны есептеудің өз жолдары қарастырылған. Дегенмен егер отбасында 3 сиыр болса, бірақ одан өзге ешқандай табыс көзі болмаса, ол отбасы да атаулы көмекті алуға өтінім білдіре алады.

Өңірде мақұлданбай, кері қайтарылған өтініштермен жұмыс істеу барысы да жүйелі жолға қойылды. Яғни ондай құжаттардың барлығын қайта қарап, олардың иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Аслан Төлепов

Хабар 24 телеарнасы