378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысындағы ауылдарда кәсіпкерлікті дамытуға 3,6 млрд теңге бөлінді

  • 126
Ақмола облысындағы ауылдарда кәсіпкерлікті дамытуға 3,6 млрд теңге бөлінді

Ақмола облысында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл 3,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.

Бұл қаражат ауылды жерлерде кәсіп ашқысы келетіндерге қолжетімді несие түрінде беріледі. Алайда аймақта әлі күнге дейін мұндай мемлекеттік қолдаудың бар екенін білмейтіндер аз емес. Білсе де, көбісі қатысуға құлықсыз. «Себебі, түсіндіру жұмыстары әлсіз», – дейді кәсіпкерлер. Ол үшін мамандар аудан-ауылды аралауы қажет. Бұл туралы бүгін облыс орталығында өткен отырыста айтылды. Жиында ауыл кәсіпкерлері мен сала мамандары жобаның 2017-2018 жылдардағы жұмысын қорытындылап, саладағы бірқатар проблеманы талқылады. Айталық, былтыр да бағдарлама бойынша үкіметтен 3 млрд 600 млн теңге қаржы бөлініп, 957 адамға шағын несие берілген. Ендігі мақсат – қатысушылардың санын көбейту үшін жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Сұңғат Нұржасаров, шаруа қожалығының жетекшісі:

- Ауданда жинаса оңды болар еді. Жастарымыз ауылда шаруашылықсыз отыр. Мен ауыл жастарын шаруашылыққа тартып, оларға түсіндіріп айтып жатырмын. Шабыт бар жастарда. Олар істегілері келеді. Бірақ кішкене қысылады. Оларға осындай форумдар өткізіп, бағыт берсе, олар жұмыс істейді деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы