378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлдық бүлдіршіндер балалар саябағын салмақ

  • 153
  • UPD: 13:46, 07.05.2019

Петропавлда балабақша тәрбиеленушілері «Жайқалсын жасыл желек» экологиялық жобасын қолға алып, қылқылқанжапырақты ағаштар екті, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Балғын бағбандар мұнымен шектеліп қалмақ емес. Өз қолдарымен балалар саябағын салуды армандап жүр.

Бұл – органикалық егіншілік зертханасы. Балабақша тәрбеленушілері осында түрлі тәжірбиелер жүргізеді: гүл егеді, ағаш отырғызады, жер қопсытады. Бала бағбандардың бірі – Ерасыл Мырзажанов.

Ерасыл Мырзажанов, балабақша тәрбиеленушісі:

- Маған емен ағашы ұнайды. Ол өте әдемі. Ағашты кесуге болмайды, ол бізге ауа береді.

Балалар былтырдан бері қарағай, шырша, еменнің 500 көшетін өсіріп шығарды. Қыста олар жылы жерде тұрды. Ал көктемде бүлдіршіндер ағаштарын жылыжайға жайғастырды.

Малика Жиенбай, балабақша тәрбиеленушісі:

- Мен қазір қарағайды отырғызамын. Мұнда жылы. Ол тез өседі.

Балабақша маңы онсыз да жасыл желекпен көмкерілген. Мәселен, ағаштарды алғашқы түлектер отырғызған. Бұл – жыл сайынғы дәстүр.

Үміт Қаңтарбаева, балабақша тәрбиешісі:

- Мақсаты – осы қаланы, балабақша ауласын көгалдандыру. Яғни балалар өз қолдарымен емен, қарағай ағаштарын отырғызып, өздері соны күнде бақылап, күтіп отырады.

Енді кішкентай бағбандар балалар саябағын жасауды жоспарлап жүр. Осылайша олар туған қалаларын көгалдандырып, табиғат анаға деген сүйіспеншілігін білдірмек.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы