379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда көп балалы отбасылар жолақы төлемінен босатылды

  • 109
  • UPD: 09:29, 06.05.2019

Қарағанды қаласының көп балалы отбасылары 1 мамырдан бастап қоғамдық көлікте тегін жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар 55 білім мекемесінде ашылған үйірмелерге балалар ақысыз баруға мүмкіндік алды.

Гауһар Сәдуақасова – төрт баланың анасы. Қазір кенжесімен арнайы демалыста отыр. Отбасына табыс әкелетін отағасы ғана. Көпбалалы жанұя әзірге бір бөлмелі пәтер жалдап өмір сүріп жатыр. Былтыр ғана үй кезегіне тұрған екен. Әлеуметтік төлемақы көбейгелі, көңіліміз көтеріңкі дейді.

Гауһар Сәдуақасова, қала тұрғыны:

– Қазір бәрі қымбат, балаларды үйірмелерге бере алмаймыз. Тамағымыздан артылмайды.

Гауһар сияқты баланы күту демалысында отырған аналарға Еңбек мемлекеттік әлеуметтік бағдарламасы ашылған. Аталған бағдарламаға өтініш білдірген аналарға өз ісімен айналысуға мүмкіндік алады. Бүгінде бағдарлама аясында 20-дан астам ана оқып, шағын бизнесін дөңгелетіп отыр.

Татьяна Баширова, қалалық қоғамдық кеңес мүшесі:

– Бұл – кешенді бағдарлама. Бұл шаралар көп балалы аналардың табыс табуына бағытталған. Балаларға да арналған кешенді бағдарлама бар. Түрлі спорт секциялары, қол өнер үйірмелері, сауықтыру лагерьлеріне тегін бару қарастырылған. Сонымен қатар таңдаған мамандыған алуға гранттар бөлінген.

Айта кету керек, көп балалы отбасыларынан құжаттарды қабылдайтын арнайы бекеттер де іске қосылған. Бүгінде 400-ден астам жанұя әлеуметтік жәрдемақысын алды. Естеріңізге сала кетейік, мемлекет әр балаға 20 мың теңгеден астам сома төлейді. Сонымен қатар 5 мыңнан астам бала қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігін алды.

Айнұр Әбдиева; тілші:

– Қалалық бюджеттен көп балалы отбасыларының қоғамдық көлікте тегін жүруіне 90 млн теңге бөлінді. Енді көп балалы аналар мен балалар жолақыдан толық босатылды. Қазір Қарағандыда 4290 көп балалы отбасы бар. Оларға түрлі әлеуметтік көмек көрсету үшін аймақта 8 қабылдау бекеті ашылған.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Сайлау Игликов

Хабар 24 телеарнасы