378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде атаулы әлеуметтік көмек үшін 270 млн теңге бөлінді

  • 111
Ақтөбеде атаулы әлеуметтік көмек үшін 270 млн теңге бөлінді

Ақтөбеде әлеуметтік аз қамтылғандарға 270 миллион теңге аударылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа жүйе бойынша бекітілген атаулы әлеуметтік көмек 1950 отбасына тағайындалған. Мемлекеттік бағдарлама операторы сәуір айынан бері 4627 өтінішті қабылдапты. Олардың бір бөлігі қазір рәсімделуде. Айта кету керек, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 50-ден астам қызметкері осы бағыттағы жұмыстарға жұмылдырылған. Барлық өтінішті дер кезінде қарастырып, тиісті жауап беруге тырысады. Дегенмен осы уақыт аралығында отбасының нақты кірісін жасырған 700-ге жуық жағдай тіркеліп отыр.

Мақпал Тұрмағамбетова, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісі:

– «Біздің табыс көзіміз жоқ. Біз жұмыс жасаған жоқпыз», – дейді. Бірақ ақпараттық жүйеде, яғни «Е-Халық» базасында барлығы интеграцияланған ғой. Сол себептен біз олардың бірінші тоқсанда тапқан табыстарын көріп отырмыз. Осындай жағдайларда арызданушыларға құжаттарын қайтардық. Бүгінгі таңда түскен құжаттардың барлығын «Е-Халық» базасына енгіздік.

Хабар 24 телеарнасы