389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Польшада 40 мыңға жуық қазақстандық майдангер жерленген

  • 479
Польшада 40 мыңға жуық қазақстандық майдангер жерленген

Отан соғысында Польша елінде қаза тапқан майдангерлердің құжатын қалпына келтіруге сол елдің мұрағатшылары көмектеспек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Тараз қаласында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды. Өткен жылы өңірдегі архив қызметкерлері соғыста қаза тапқандар жөніндегі құжаттарды зерттеу мақсатында Польшаға барды. Бұл елде Қазақстаннан аттанған 40 мыңға жуық майдангер жерленген. Егер мамандар қаза тапқандардың аты-жөнін анықтай алса, онда жамбылдық 105 мың жауынгердің тізімі жаңа есімдермен толыға түспек. Бүгінде олар туралы деректер Жеңіс саябағындағы «Ерлік» мемориалдық кешенінде арнайы тасқа қашалып жазылған.

Сара Мәдиева, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары:

– Бір жылдың ішінде 800-ге жуық майдангердің тізімі табылды. Енді «Архив-2025» бағдарламасының негізінде жұмысты әрі қарай жалғастырып, ардагерлердің тізімін кітап ретінде шығармақшымыз.

Хабар 24 телеарнасы