378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шереметьеводағы ұшақ апаты: Зардап шеккен қазақстандықтардың бар-жоғы тексерілуде

  • 140
Шереметьеводағы ұшақ апаты: Зардап шеккен қазақстандықтардың бар-жоғы тексерілуде TJ

Мәскеудің Шереметьево әуежайындағы апаттан зардап щеккендердің ішінде қазақстандықтардың бар-жоғы тексеріліп жатыр.

«Мәскеудің Шереметьево әуежайында «Аэрофлот» компаниясының ұшағы апатының салдарынан қырықтан астам адам қайтыс болды. Қаза болғандар мен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтарының болуы немесе болмауы тексерілуде. Ұшақта болған жолаушылардың соңғы тізімін күтудеміз. Мәскеудегі қазақстандық дипломаттар жергілікті билік өкілдерімен үнемі байланыста», - деп хабарлайды ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров. Еске сала кетсек, Шереметьеводағы ұшақ апатынан отыздан астам адамның көз жұмғаны бұған дейін хабарланған болатын. «Мәскеу-Мурманск бағытында рейсті орындаған әуе лайнерінің бортында экипаж мүшелерін қосқанда 78 адам болған. Қазіргі уақытта тергеу барысында анықталған дерек бойынша олардың 37-сі тірі қалған. Тергеушілер зардап шеккендерден, оқиғаны көзімен көргендерден, әуежай қызметкерлерінен және тасымалдаушы-әуе компаниясынан, сондай-ақ әуе кемесін пайдалануға қатысы бар тұлғалардан жауап алуға кірісті.

Ақпарат көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы