378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Роман Скляр: «Sukhoi Superjet 100» ұшақтары тұрақты рейстерде пайдаланылмайды

  • 72
  • UPD: 12:58, 06.05.2019
Роман Скляр: «Sukhoi Superjet 100» ұшақтары тұрақты рейстерде пайдаланылмайды Беларусь сегодня

Ресейде апатқа ұшыраған «Sukhoi Superjet 100» ұшағы бізде жолаушылар тасымалымен айналыспайды.

Ал елімізде аталған маркалы бір ғана ұшақ бар. Бұл туралы бүгін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мәлімдеді. Сондай-ақ ол Мәскеуде болған қайғылы оқиғаға байланысты пікір білдірді.

Роман Скляр, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

– Бізде Ресейде құрастырылған «Superjet 100» бизнес ұшағы қолданылады. Ол жеке компанияға тиесілі. Ал тұрақты бағыттар бойынша мұндай әуе кемесі бізде жоқ. Кешегі қайғылы оқиғаны естідік. Ресейлік әріптестерімізге, көлік министрлігіне көңіл айтып, жеделхат жолдадық. Жалпы әрбір ұшақты тексеру талаптары болады. Бұл тексерісті өндіруші зауыт, әуе компаниясы және азаматтық авиация инспекторы жүргізеді. Бұл нормалар бізде толығымен орындалады.

Хабар 24 телеарнасы