Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


МӘМС: Сәуір айында 9,5 млрд теңгеден астам сақтандыру жарнасы түсті

  • 60
  • UPD: 12:45, 06.05.2019
МӘМС: Сәуір айында 9,5 млрд теңгеден астам сақтандыру жарнасы түсті

Биылғы сәуір айында Медициналық сақтандыру қорына аударылған жарна мөлшері 9,5 млрд теңгеге жетті.

2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 30 сәуіріне дейінгі аралықта қорға 167,2 млрд теңге түсті. Аударымдарды жүйе іске қосылған алғашқы жарты жылда өзі үшін жарна төлеуге міндеттелген жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғалар, сондай-ақ жұмыс берушілер аударған.

Атап айтқанда, жинақталған қаражаттың 94,8% немесе 158,5 млрд теңгесі жұмыс берушілерге, 5 проценттен астамы немесе 8,7 млрд теңге – жеке кәсіпкерлер мен АҚК негізінде еңбек ететін санатқа тиесілі.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Естеріңізге сала кетсек, жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады және 2020 жылдан бастап МӘМС пакетінде көрсетілетін медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалмақ. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерік басқару туралы келісімшарт бекітілген.

Хабар 24 телеарнасы