378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатары көбейді

  • 122
  • UPD: 14:06, 06.05.2019

Семейде атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатары артып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазірдің өзінде жаңа бағдарлама шеңберінде 600-ден астам отбасыға жәрдемақы тағайындалған. Бір айдың ішінде ғана әкімдікке 3 мың 325 отбасы келіпті, бұл 20 мыңға жуық адам деген сөз. Алайда олардың барлығы талапқа сай болмай шықты. Әзірге жартысынан астамының өтініші қабылданған. Барлығы «Е-халық» жүйесі арқылы 1 мың 967 арыз тіркелген. Негізі жыл басынан бері тұрмысы төмен отбасыларды қолдау үшін қала қазынасынан 145 миллион теңге қарастырылған. Алайда атаулы әлеуметтік көмектің көлемі ұлғаюына байланысты республикалық бюджеттен қосымша 636 миллионнан астам теңге бөлінген.

Марина Часовникова, атаулы әлеуметтік көмек бөлімінің жетекшісі:

– Құжаттарды қабылдап жатырмыз. Тіпті түскі үзіліссіз жұмыс істеу кестесіне көштік. Сол сияқты қаладағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында кеңес беру алаңдары ашылды. Мұнда кез келген қала тұрғыны келіп, мазалаған сұрақтарға жауап таба алады.

Хабар 24 телеарнасы