379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды құтқарушылары жаңа техникамен жабдықталды

  • 94
Қарағанды құтқарушылары жаңа техникамен жабдықталды

Қарағанды облысының төтенше жағдайлар қызметі жаңа техникамен жабдықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекеттік қордан бөлінген қаржыға жол талғамайтын 14 көлік алынған. Оның бесеуі – автоцистерна. Жаздың аптап ыстығында дала өртінің көбейетіні белгілі. Сондықтан бұл техника бізге дер кезінде беріліп отыр, – дейді құтқарушылар. Бұған қоса бульдозер, экскаватор, адам тасымалдайтын көліктер де бар. Сондай-ақ қордағы қаржыға төтенше жағдай кезінде эвакуацияланған жұртқа алғашқы көмекті көрсететін палаткалық лагерь де сатып алынған. Бұл қысы боранды келетін, ал көктемде қызыл су көтерілетін Арқа жеріне аса қажет. Жалпы төтенше жағдайлар қызметінің материалдық базасын жақсарту үшін биыл қазынадан тағы 205 миллион теңге қаржы бөлінген. Мамандар керек-жарақты күзге дейін аламыз деп отыр.

Мұрат Қатпанов, облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары:

– 205 миллион теңгеге техника алып жатырмыз. Оның ішінде жүзу қайықтары да бар.

Хабар 24 телеарнасы