379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысының Райымбек ауданында 24 сайлау учаскесі жұмыс істейді

  • 184
  • UPD: 15:30, 06.05.2019

Саяси науқан кезінде Алматы облысының Райымбек ауданында 24 сайлау учаскесі жұмыс істейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақтық сайлау комиссиясы бүгінге дейін партиялар мен қоғамдық ұйымдардың сенімді өкілдерін тіркеуді аяқтаған. Дауыс беру кезінде 160-қа жуық адам сайлаудың заңға сай өтуін қадағалайтын болады. Жаңадан құрылған әкімшілік аумақта 25 мыңнан аса электорат бар. Қазір солардың тізімі жасақталып, қай учаскеде таңдау жасайтыны анықталып жатыр. Қазынадан қарастырылған қомақты қаражатта игерілу үстінде.

Ғабит Болатұлы, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы:

– Райымбек ауданына 20 млн көлемінде қаржы бөлінді. Осы қаражатты игеріп, әр комиссияларды керек кеңсе тауарларымен толық қамтамасыз ету үстіндеміз. Сайлауға толықтай дайынбыз.

Ескерте кетейік, елімізде 9 маусымда өтетін саяси дода мен оған қатысуға бел буған үміткерлер туралы барлық жаңалықты, сондай-ақ сарашылар пікірлерін сайтымыздан #президенттік сайлау 2019 хештегі арқылы оқи аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы