379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде 160 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады

  • 127
  • UPD: 15:31, 06.05.2019

Еліміздегі 160 мың отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Яғни шамамен 806 мың адам осы қолдаудың игілігін көреді. Бұл жөнінде Еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді. Айтуынша, орта есеппен әрбір жанұя 105 мың теңгеден алады. Бірақ бұл көмекке барлығы бірдей қол жеткізе бермейді. Мәселен, 10 мың отбасы тиісі талаптарға сәйкес келмеген. «Яғни табыстары белгіленген критерийден асып тұр», – дейді министр.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

– Бір айта кететін мәселе, әлеуметтік желіде кейбіреулер бұл төлем бірінші тоқсанда төленеді деп жатыр. Қайталап айтарым, төлем жыл бойы төленеді. Бірақ оның ережесіне сәйкес табыс жыл сайын, тоқсан сайын нақтыланып отыратын болады.

Хабар 24 телеарнасы