378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжіліс депутаттары Қызылорданың балаларды оңалту орталығына барды

  • 149
  • UPD: 17:59, 06.05.2019

Қызылордадағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы соңғы 3 жылда 30 баланы толық сауықтырып, арбаға таңылған 15 балғынды аяққа тұрғызған.

Республика бойынша үздік медициналық-әлеуметтік мекеме атанған ұйымда 7 бағыт бойынша ем-дом жүргізіледі. 150 орындық орталықта психологиялық, физиологоиялық және әлеуметтік-педагогикалық емдеудің озық тәсілдері қолданылады. Мекеме жұмысымен танысқан Мәжіліс депутаттары қазіргі таңдағы білікті мамандар қарауында жатқан 100 балғынның жағдайын жеке-жеке көріп шықты. Халық қалаулылары, сондай-ақ ақыл-ой қабілетін дамытуға арналған танымдық және ағзаны шынықтыратын сергіту сабақтарына қатысты. Мәжілісмендер орталықтың ұжымымен де әңгіме-дүкен құрып, тәрбиеші-әдіскерлердің ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Нұржан Әлтаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Керемет орталық, балаларға барлық жағдай жасалған. Қызметкерлермен біраз сұхбаттасып, әңгімелестік. Қандай проблема бар деп. Проблеманың біреуін ғана айтты. Осы жерге келетін жолды жөндеу керек деп. Бұл туралы біз жергілікті әкімдікпен жұмыс жасайтын боламыз жол бойынша.

Хабар 24 телеарнасы