388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Әлеуметтік қамқорлық» жобасын түсіндіру бойынша жұмыс қорытындыланды

  • 1046
  • UPD: 20:02, 06.05.2019

Үкіметтің жұмыс тобы «Әлеуметтік қамқорлық» жобасын түсіндіру бойынша өңірлерге жасаған жұмыс сапарларын қорытындылады. Ақпараттық түсіндіру шаралары 12 наурыздан 4 мамырға дейін еліміздің барлық өңірінде жүргізілгенін білесіз.

Жұмыс тобының мәліметінше, халықты көбіне-көп атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалуы, көпбалалалы аналардың жағдайы, баспанамен қамтамасыз ету және шағын несие алу секілді мәселелер мазалайды екен. 

Көптің көкейінде сауал көп. Тұрмысы нашарлар, көпбалалы отбасыларға және басқа да санаттағыларға берілетін көмек ұлғайғалы бұл жобаның мәнісін жете түсіне алмай жатқандар бар. Осыған орай жолға шыққан жұмыс тобы 20 күннен аса ел аралап, осы бағытта жаңадан қолға алынып жатқан шараларды жұртшылыққа кеңінен түсіндірді. «Әлеуметтік қамқорлық» жобасы аты айтып тұрғандай елдің тұрмыс-тіршілігін барлап, барынша көмек жасауды көздейді.

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Осы уақытқа дейін 263 кездесу өткіздік. 157 елді мекенде болып, 269 адам жеке қабылданды. Тұрмысы төмен 72 отбасының үйіне бардық. Жалпы саны 27 мың адамды қамтыдық.

Еліміз бойынша 160 мың отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. 10 мың жанұяның өтініші кері қайтарылды.  Себебі, олар берілген талаптарға сәйкес келмейді. Яғни, табыстары белгіленген көрсеткіштен асып тұр.Жалпы жыл бойы атаулы әлеуметтік төлем үшін 130 млрд теңге бөлінді. Орта есеппен әрбір отбасыға 105 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады.  Ел айтып жүрген , жеміс ағаштарының өнімі, "тауық жұмыртқасы" сияқты кірістер есепке алынбайды.Тағайындалған жағдайда әлеуметтік көмек  жыл бойы төленеді. Бірақ, оның ережесіне сәйкес табыс жыл сайын, тоқсан сайын нақтыланып отырады. Сондай-ақ 1 шілдеге дейін әр отбасының әлеуметтік картасы жасалып, қосымша көмек көрсетіледі.  

Бердібек Сапарбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі: 

- Әсіресе гранттың, микрокредиттің көлемдері көбейту жөнінде. 2547 гранттың мөлшері 505 мың теңге бір адамға. Біз оны тағы 10 мыңға көбейтіп жатырмыз. Микрокредиттің мөлшері 505 мың теңгеден 6 жарым млн теңгеге дейін. Якорлық жоба болатын болса 21 млн теңгеге дейін төленеді.      

Денсаулық сақтау министрлігі кадр тапшылығын мықтап қолға алмақ. Маман тапшы ауылдарға  6300 жас маман жіберіледі. Олар міндетті түрде үш жыл еңбек етулері тиіс. Алдағы үш жылда денсаулық саласында 500-ден аса медициналық мекеме салу жоспарланған. Оның басым бөлігі ауылды жерлерде бой көтереді. Министрлік осы уақыт аралығында елді мекен халқын медициналық қызметпен толықтай қамтамасыз етеміз деп отыр.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Үш жылдың 400-ден аса кіші медмекемелер соғылатын болады үш жылдың ішінде. 

Білім беру саласына ойыссақ. Бүгінгі таңда елімізде үш ауысымды және апаттық жағдайдағы мектеп мәселесі түбегейлі шешілген жоқ. Алдағы 3 жылда 190 мектеп салынады. Оның 89-ы үш ауысымды мектептің,  13-і апаттық жағдайдағы білім нысандарының,  ал 72-сі орын жетіспеушілігі мәселесін шешетін болады. Білім мекемелері бала санына байланысты салынады. Бүгінгі таңда елімізде 30 ға тарта  апатты , 128 үш ауысымда оқытатын мектеп бар.  Министр үш тілділік мәселесіне де тоқталып, көпті алаңдатқан ағылшы тілінде оқыту жайын да түсіндіре кетті.

Күләш Шәмшидинова, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Тілдерді оқыту төрт дағдыны дамытуға байланысты болады. Олар тыңдау, айту, сөйлеу, жазу деген мәселер. Осыған байланысты ағылшын тілінде балаларға пәнді беру 10-11 сыныптарда баланың тілдік құзіреттілігі жеткілікті болған жағдайда және мектеп дайын болған жағдайда мектептің шешімімен ғана жүретін болады.

Көп балалы аналарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі де «Әлеуметтік қамқорлық» жобасының басты бағытының бірі. Биыл 7 мыңнан аса жалдамалы пәтер пайдалануға беріледі. 1 мамырға қарай оның 249-нда қоныс тойы тойланды. Жалпы 2025 жылға қарай 58 мың көп балалы және тұрмысы төмен отбасы жалдамалы пәтерге ие болады деген жоспар бар.

Хабар 24 телеарнасы