378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кеңес Одағының Батыры атағы белгісіз себеппен берілмеген отандастарымыз туралы кітап жарық көрді

  • 112
  • UPD: 22:30, 06.05.2019

Елордада «Ұмытылған қаһармандар» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Бұл туындыда Кеңес Одағының батыры атағына ұсынылып, бірақ белгісіз себептермен оны ала алмаған 133 майдангердің ерлігі жазылған. Қаһармандардың көбі жаяу әскер қатарынан. Кітап авторы Берік Әбдіғалиұлының айтуынша, есімі аталған жауынгерлердің ерлігін ұрпақтары ұмытпай, ұлықтауы тиіс. Мың данамен басылып шыққан туынды Nur Otan партиясының «Ардагерлерді аялайық» жобасы аясында жарық көрген.

Мәулен Әшімбаев, Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары:

- Осындай жобаны Берік Әбдіғалиұлы бастап, біраз архивтерде материалдар жинап, Қазақстанда, Ресейде біраз адамдармен кездесіп, біраз аталарымыздың ұрпақтарына барып, біраз деректерді жинап, үлкен кітапты дайындады.

Берік Әбдіғалиұлы, «Ұмытылған қаһармандар» кітабының авторы:

- Оқысаңыз наградный листтарын оны біреудің жазғаны емес, нағыз өзінің командирлері бірге соғысқан ерліктерін көрсеткен. Бұл зерттеу әлі жүре береді.

Парламент мәжілісінің депутаты, ауған соғысы ардагерлері қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл «Батырларға тағзым» акциясы жайында өз ойын білдірді. Мәжілісмен бұл шара Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне ғана емес, халқы үшін қан төккен барша боздақтарға арналуы керек» дейді.

Бақытбек Смағұл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Өлі разы болмай, тірінің тіршілігі түзелмес демекші, оны бір ғана бағытта ұстауға болмайды. Өйткені біздің қазақстандықтар соның ең алдыңғы қатарында өзінің ерлігін, азаматтығын, Отанға деген махаббатын солай жасады.

Басқа да мемлекеттердің барлығы да өз қасіреттерін ұмытпайды, батырларын ұлықтайды. Осы тұрғыдан келгенде достықтың алтын көпірі іспеттес қылу керек.

Хабар 24 телеарнасы