378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рамазан айында мұқтаж жандарға арнайы комиссия шешімімен ақшалай көмек беріледі

  • 177
  • UPD: 21:57, 06.05.2019
Рамазан айында мұқтаж жандарға арнайы комиссия шешімімен ақшалай көмек беріледі

Исі мұсылманның ұлық мерекесі Рамазан айы басталды. Жер-жаһандағы күллі жамағат бұл күні ниет етіп, ауыз бекітеді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы айлардың сұлтаны болған Рамазанда қандай шарттардың жасалу керектігін тағы бір түсіндірді. Имамдар жүкті әйелдерге, қарттар мен  және денсаулығында кінәраты барларға Ораза тұту парыз етілмегенін айтты. Сондай-ақ олар биыл бітір садақаның мөлшері 300 теңге болып бекітілгенін жеткізді. Жамағаттан жиылған қаражат игі істерге жұмсалмақ.     

Ағабек  Қонарбайұлы, ҚМДБ ресми өкілі:

- Бізде осы қасиетті Разаман айында жыл сайын арнайы қайырымдылық шаралары өтеді. Биыл «мұқтаждың мұңын бөліс», «айттық бізден», «Қайырымдылық - қайырлы іс» деген ұранмен жетімдерге, көп балалы аналарға, тұл жетімдерге, мүгедектерге, асыраушысы жоқтарға арнайы комиссияның шешімімен ақшалай көмек көрсететін боламыз.   

Рамазан айынан кейін, араға 2 ай салып мұсылмандар қажылық парыздарын өтейді. Биыл біздің елден қасиетті Меккеге 3 мың 200 отандасымыз аттанбақ. Олар Сауд Арабиясына сапарламас бұрын, минингокок инфекциясына қарсы екпе алуға міндеттеледі. Бұл вакцина ақылы түрде салынады.    

Жәнділлә Бекжігітов, ҚМДБ қажылық бөлімінің меңгерушісі:

-  2006 жылдан бері Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы және Сауд Арабиясы қажылық істері жөніндегі министрлігімен арадағы келісім бойынша, отанымыздан баратын қажылар сол төңіректе көп тараған минингокок инфекциясына қарсы екпе салуға міндеттелген. Осыған орай біздің ДСМ бірлесе 15 мамырдан бастап еліміздің 8 қаласында, 14 медициналық ұйымда екпе салу жұмыстары басталады.

Хабар 24 телеарнасы